Басты бет » Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

вопрос:
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы ҚР заңының 16-бабы 2-тармағына сәйкес сақтанушы сақтандырудың осы келісімін жасауда өзі/сақтанған туралы мәліметтер мен сақтандыруға берілген өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынады. Бұл ретте, өтініште көрсетілген мәліметтердің заңнамалық актілермен бекітілгендігіне назарларыңызды аударамын. Аталғандардың негізінде басқа мәліметтерді сақтанушы сақтандырушыға ұсынуға тиісті емес! Нәтижесінде, егер сақтандырушы клиентті идентификациялау мақсатында сақтанушыдан қосымша мәліметтерді сұрататын болса, бұл әрекеттер заңсыз болмайды ма? Заңнама нормаларының қарама-қайшылығы шығады?!
ответ:

Сақтандыру (қайта сақтандыру) мекемелері, сақтандыру делдалдары, қаржы мониторинг субъектісі ретінде Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабына сәйкес, қаржы мониторингiнiң субъектiлерi заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмдi қаржыландыруды болғызбау мақсатында iшкi бақылау ережелерiн және оны жүзеге асыру бағдарламасын әзiрлейдi, сондай-ақ ережелердi сақтауға және бағдарламаны iске асыруға жауапты болады.

вопрос:
Қазіргі уақытта қаржы мониторинг субъектісінде (ҚМС) Қаржы мониторинг комитетіне (ҚМК) ақпаратты жолдауға тек бір жауапты тұлға бар, алайда еңбек демалысына шыққанда немесе ауырған кезінде ҚМС жауапты тұлғасын өзгерту туралы ресми хат жіберусіз ҚМК мәліметтер жолдауға, ҚҰМЖ жүйесіне рұқсаты болатын және ҚМК мәліметтерді жолдау бойынша міндеттер жүктелетін ҚМС басқа қызметкері құқылы ма? Немесе жауапты тұлғаны қосу/өзгерту туралы ҚМК ресми хатты жолдау міндетті ме?
ответ:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторинг комитеті (бұдан әрі - Комитет) Сіздің жүгінуіңізді қарап, жауапты тұлғаның ауысқан жағдайында Комитетке мәліметтер жолдау бойынша міндеттер жүктелетін ауыстырылған тұлғаның барлық мәліметтерін 2.7 «Жауапты лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.» 2.7.1 «Жауапты лауазымды тұлғаның қызметі» ФМ-1 нысан реквезиттерінде көрсету қажет. 

вопрос:
Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, қаржы мониторингi субъектiлерiнiң клиенттерiн тиiсiнше тексеруi ішкі бақылау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады, осылайша, өз клиенттерін тиісінше тексеру тәртібін қаржы мониторинг субъектілері өз бетінше белгілейді. Алайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторинг комитетінің өкілеттігіне Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы ҚР Заңнамасының орындалуын бақылау мен ішкі бақылауды ұйымдастыруға бақылау кіргендіктен, өз клиенттерін тиісті тексеру жүргізу бөлігінде ұсынымдар беруіңізді сұраймыз, атап айтқанда: - болжамды мақсаттар мен іскерлік қатынастардың сипатын белгілеу, клиенттер жүзеге асыратын операцияларды зерттеуді қосқанда (клиент туралы мәліметтерді құжаттық тіркеуден басқа), сақтандыру мекемесімен өз клиенттерін тиісінше тексеру - сақтандыру компанияларына әр клиентке сауалнама жүргізу жолдарымен өз клиенттерін тиісінше тексеру жүргізуге болады ма? Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторинг комитетін: - өз клиенттерін және операцияның өзге қатысушыларын зерттеулер процедуралары бөлігінде сақтандыру ұйымдарына ұсынымдар беруіңізді; - сақтандыру мекемелеріне клиенттер сауалнамасының ұсынылған нысанын ұсынуыңызды. Осы мәселелерді ҚР заңнамасымен реттелмеген деп санаймын, тәжірибеде уәкілетті орган туралы «дербес» жауап қайтару нәтижесінде; қаржы мониторинг субъектілерімен клиенттерді тиісінше тексеру бөлімінде біршама қиындықтар туындайды!
ответ:

Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - ҚКЗ/ТҚ туралы заң) 5 бабына сәйкес, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру делдалы қаржы мониторинг субъектілері ретінде ҚКЗ/ТҚ туралы заңнамасына сәйкес өз клиенттерін тиісінше тексеру бойынша  шаралар қабылдауға міндетті.

Бұл ретте, өз клиенттерін тиісінше тексеру келесі шараларды жүзеге асыруды қосуға тиіс:

1) ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операция жасайтын жеке тұлғаны сәйкестендiруге қажеттi мәлiметтердi: жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн, жеке сәйкестендiру нөмiрiн (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес клиентке салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, жеке сәйкестендiру нөмiрi берiлмеген жағдайларды қоспағанда) тiркеу;

2) ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операция жасайтын заңды тұлғаны сәйкестендiруге қажеттi мәлiметтердi: құрылтай құжатының деректерiн, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн, бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн (клиентке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi берiлмеген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ тұрғылықты жерiнiң мекен-жайын тiркеу;

3) ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операция бойынша алушыны және оның өкiлiн сәйкестендiруге қажеттi мәлiметтердi, оның iшiнде салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн, алушының және оның өкiлiнiң жеке сәйкестендiру нөмiрiн (ол бар болса) тiркеу, сондай-ақ алушының немесе өкiлiнiң қойылған қолдарының (бар болса) салыстырылып тексерiлгенi туралы белгi қою;

4) iскерлiк қатынастардың болжамды мақсаты мен сипатын анықтау;

5) қаржы мониторингiнiң аталған субъектiсi арқылы клиент жүзеге асыратын iскерлiк қатынастарды тексерудi және операцияларды зерделеудi тұрақты негiзде жүргiзу.

Сонымен бірге ҚКЗ/ТҚ туралы заңның 13 бабына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) мекемелері, сақтандыру делдалдары, қаржы мониторингiнiң субъектiлерi ретінде  Заңның 5-бабы 3-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкiн болмаған жағдайда қаржы мониторингiне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды жүргiзуден бас тартуға мiндеттi.

вопрос:
Сақтандыру компаниясымен клиентті идентификациялау компанияның әр клиентіне қатысты жүзеге асырылуға тиіс пе (сақтандыру, құрылтай, тапсырма, қызмет көрсету тағы басқа келісімдер жасалатындар) жоқ әлде тек мәмілелері қаржы мониторингіне жататын клиенттерге ғана қатысты ма?
ответ:

Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 3-тармағына сәйкес, сақтандыру компаниясымен (ҚМС) өз клиентін индентификациялау клиенттің (заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, және т.б.) түріне байланысты тиісті шараларды қосатын клиентті тиісті тексеру жүзеге асырылуға тиіс.

Қаржы мониторингiнiң субъектiлерi мынадай:

1. клиентпен iскерлiк қатынастар орнатылған;

2. қаржы мониторингiне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар жүзеге асырылған;

3. жеке және заңды тұлға туралы бұрын алынған деректердiң шынайылығына күдiк туғызған негiздер болған жағдайларда клиенттерiн тиiсiнше тексерудi жүзеге асырады.