Қазақстанның қаржы мониторингі © 2010
Қаржыны жылыстату және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ғаламдық халықаралық күште әлемнің 192 елін біріктіретін халықаралық әмбебап ұйым БҰҰ-ның атқаратын рөлі өте зор. БҰҰ-ның Жарғысына 1945 жылы 26 маусымда Сан-Францискода (АҚШ) өткен конференцияда қол қойылып, 1945 жылғы 24 қазанда күшіне енді.

БҰҰ Жарғысының 1 бабына сәйкес, оның негізгі мақсаты халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және әлемге төнген қауіпті тоқтатып, оны қалпына келтіру үшін ұжымдық тиімді шаралар қабылдау, агрессияларды және әлемнің өзге де бұзушылықтарын басу.
Қаржыны жылыстатуға қарсы іс-қимыл саласындағы Халықаралық бағдарлама о бастан БҰҰ-ның заңсыз есірткі айналымымен күрес жөніндегі күшімен тығыз байланыста болды.
Қаржыны жылыстату қылмысының мазмұны алғаш рет 1988 жылы Вена қаласында есірткі дәрілер мен психотропты заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы БҰҰ Конвенциясында заңды түрде бекітіліп, анықталды.
1991 жылы БҰҰ-ның есірткіні заңсыз өндіру және есірткі айналымымен, сондай-ақ, соған байланысты қылмыспен күреске бағытталған Есірткіні бақылау (БҰҰ ЕББ немесе UNDCP) жөніндегі бағдарламасы құрылды. 1997 жылы аталған Бағдарлама базасында есірткімен айналысуды бақылау және қылмыстың алдын алу жөніндегі басқарма құрылды. Есірткі және қылмыс жөніндегі басқарама (ЕҚБ немесе ODC) 2002 жылы қазанда қайта аталды. ЕҚБ Венада штаб-пәтері бар, сондай-ақ, әлемнің түрлі елінде 21 бөлімшесі бар.
1997 жылдан бері ЕҚБ БҰҰ-ның қаржыны жылыстатумен күрес жөніндегі (ҚЖКҒБ немесе GPML) Ғаламдық бағдарламасында қабылданған негізгі мақсаты қаржыны жылыстатуға қарсы іс-қимыл саласында ынтымақтастықты дамыту және мемлекеттерге тиісті құқықтық тетіктерді, ҚҚБ құруда кеңес беру көмектерімен қоса техникалық көмек көрсету болып табылады. Бағдарлама сондай-ақ, осы саладағы әлемдік проблемаларға мониторинг және талдау жүргізеді.
Қаржыны жылыстатуға қарсы Ғаламдық бағдарлама қызметінің негізгі инструменттері:
Аталған бағдарлама аясында қаржыны жылыстатуға қарсы іс қимыл мәселелері бойынша Халықаралық ақпараттық жүйе (ИМОЛИН немесе IMOLIN) жұмыс жасайды. Оның көмегімен халықаралық және ұлттық органдар қаржыны жылыстату саласындағы ұлттық заңнамалар жөніндегі ақпараттармен алмасады. ИМОЛИН-нің веб сайтынан бөлек Интернет пайдаланушылары үшін қаржыны жылыстатуға қарсы іс-қимылдардың жабық ақпараттар дерек қорына да ашық қолжетімділік бар.
Толығырақ ақпаратты ЕҚБ ресми сайтынан ала аласыздар