Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастықты ұйымы (ЕҚЫҰ)

ЕҚЫҰ (алдыңғы атауы — «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңес» - ЕҚЫК) қауіпсіздік мәселесімен айналысатын әлемдегі ірі аймақтық ұйым. Ол Солтүстік Америка, Еуропа және Орталық Азияда орналасқан 56 елді біріктіреді.

ЕҚЫҰ 35 Шығыс, Батыс және Еуропа елдері басшыларының бастамасымен 1973 жылғы Хельсинкидегі соғыс кезеңінде ынтымақтастық туралы келісім жүргізу үшін құрылған Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық жөніндегі Конференцияның жалғасы болып табылады. Қатысушылар кейіннен әскери сенім мен қауіпсіздік шараларын ғана емес, сондай-ақ, экономика, ғылым, технология, экология, мәдениет және гуманитарлық салаларда да елдердің бірігіп жұмыс жасауы туралы шешім қабылдап, келісімге келді. Қазіргі таңда негізгі мақсаты мен міндеті аймақтарда туындаған қақтығыстарды болдырмау, дағдарыс жағдайын ретке келтіру, қақтығыс салдарын жою болып табылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралы және ұйымның негізгі міндеттерінің шешімі:

 

«Бірінші корзина», немесе саяси-әскери өлшем:

  • қару-жарақтарды таратуға бақылау;
  • қақтығысты болдырмау жөніндегі дипломатиялық күш;
  • сенімді қарым-қатынас пен қауіпсіздікті қалыптастыру шаралары;

«Екінші корзина», немес экономикалық және экологиялық өлшем:

  • экономикалық және экологиялық қауіпсіздік.

«Үшінші корзина», немес адами өлшем:

  • адам құқығын қорғау;
  • демократиялық институтты дамыту;
  • сайлауға мониторинг;

 

ЕҚЫҰ қызметінің экономикалық өлшемінің негізгі басым бағыттарының бірі қаржыны жылыстатумен және лаңкестікті қаржыландырумен күрес, сондай-ақ, трансшегаралық және сыбайлас жемқорлық қылмысымен күрес болып табылады. ЕҚЫҰ аталған бағытта кооперация секілді өзге халықаралық ұйымдармен (УНОКД, НАТО және өзгелері), өз алдына дербес те қатысушы елдердің әр түрлі қаржы секторларындағы субъект құзыры деңгейінде аймақтық және ұлттық іс-шараларды оқыту және жоғарылатуды жүзеге асырады. Сонымен бірге, ЕҚЫҰ техникалық көмек көрсету бағдарламасына қатыса отырып және олардың доноры ретінде ФАТФ-тың аймақтық топтардың бақылаушысы – қылмыстық жолмен келген таыбстарды заңдастыру және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ болып табылады.

 

Толығырақ ақпаратты ЕҚЫҰ ресми сайтынан ала аласыздар