Халықаралық валюта қоры

Халықаралық валюта қоры халықаралық ұйым болып табылады. Ол 1944 жылғы шілдеде өткен БҰҰ Халықаралық валюта-қаржы конференциясында қабылданған келісімге сәйкес құрылды. 1945 жылы желтоқсанда Бреттон-Вудсте (АҚШ) өз күшіне енді. ХВҚ 184 мемлекетті біріктіреді.

 

ХВҚ-ның қызметтік міндеттері: халықаралық валюталық ынтымақтастықты тереңдету; қаржылық тұрақтылықты нығайту; экономикалық өсуді нығайтып, жұмыспен қамту деңгейін жоғарылату; сондай-ақ, көпжақты төлем жүйесін құруды жеңілдету.

 

ХВҚ-ның негізгі міндеттері:

  • халықаралық валюта-қаржылық ынтымақтастыққа ықпал ету;
  • халықаралық сауда өсімін теңестіру және кеңейтуді жеңілдету;
  • Ммүше мемлекеттер арасындағы валюта қатынасын тұрақтылығын қолдау және реттеу;
  • көпжақты есеп жүйесін құруға көмектесу
  • мүше мемлекеттерге төлем балансын реттеу үшін несие ұсыну;
  • халықаралық төлем баланстар теңсіздігін бұзушылықты қалпына келтіру.

 

ХВҚ халықаралық валюта жүйесінде тұрақтылықты қолдау және дағдарысты тоқтату үшін ұлттық, аймақтық және ғаламдық экономикалық дамуға шолу жасайды. ХВҚ өзінің 184 мүше елдеріне кеңес беру арқылы көмектеседі. Ол саясатты жүргізуге, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, экономикалық және қаржылық дағдарыс алдында осалдық деңгейін төмендетуге, тұрғындардың тіршілік деңгейін жоғарылатуға ықпалын тигізеді. ХВҚ сондай-ақ, мүше мемлекеттерге олардың төлем балансын түзету мақсатында уақытша қаржыландыруды ұсынады.

 

ХВҚ мемлекеттердің экономикалық тұрақтылығы мен өсіміне жауапты қызметшілер институтының біліктілігін арттыру ісінде техникалық көмек көрсетіп, оқытады.

 

ХВҚ-ның қызметі макроэкономикалық сипатта боғанымен, ХҚДБ ұлттық экономиканы дамытудағы жеке жобаларды жүзеге асыруға көмек көрсетеді. Олардың жалпы мақсаты халықаралық қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. ХВҚ мен ББ көрсетілген мақсатқа жету үшін стратегияның құрама бөлігінде қаржыны жылыстату және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарды қарастырады. ХВҚ қаржыны жылыстату макроэкономиканың салдарымен байланысты екендігін, алдын ала болжанбаған қаржыға деген сұраныс, қаржы мекемелері мен қаржы жүйесіндегі тұрақтылық үшін тәуекелділік, сондай-ақ, халықаралық капитал ағынының тербелмелі масштабы және валюта курсы трансшегаралы аудармаларда келтірілмеген нәтижелерді қосқанда байланысты екендігін атап өтті.

 

ХВҚ өз қызметінің шеңберінде мүше мемлекеттердің қылмыстық жолмен келген табыстар мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимылдар жүйесін құруға ерекше назар аударады. Бұл мақсатта ХВҚ мүше мемлекеттердің қаржыны жылыстатумен күрес саласында жұмыс атқаратын мемлекттік орган қызметкерлеріне өкілетті қызметін жүзеге асыруда түрлі оқытулар ұйымдастырып, анықтамалық материалдар әзірлейді. Тиісті халықаралық стандарттарға сәйкес қылмысты жолмен келген табыстар мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күрес іс-қимылының ұлттық жүйесін бағалайды.

 

Толығырақ ақпаратты Бүкіләлемдік банк ресми сайтынан ала аласыздар (www.worldbank.org)