ФАТФ типі бойынша аймақтық құрылымдар

Заңсыз табыстарды заңдастыруға және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі ғаламдық кеңістікте халықаралық стандартты ФАТФ типінде әлемнің түрлі елінде құрылған құрылымдар маңызды рөл атқарады.

 

Мұндай құрылымдардың негізгі міндеті өз аймағында, атап айтқанда, қаржыны жылыстатумен күрес жүргізудің халықаралық стандарттарына сәйкес ұлттық жүйеде өз мүшелеріне өзара баға беруді жүргізу арқылы (атап айтқанда, ФАТФ ұсынысы 40+9) және тиісті аймақ бойынша қаржыны жылыстату және лаңкестікті қаржыландыру үрдісі мен әдістеріне (типология) тексеріс жүргізу болып табылады.

 

ФАТФ және ФАТФ Типіндегі аймақтық құрылымдар өзара бірлесе отырып және ФАТФ Типі бойынша аймақтық бөлімшелер қаржыны жылыстату және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күрестің, сондай-ақ, ұлттық деңгейдегі оның орындалуы бойынша бақылауды бірыңғай халықаралық жүйені (желіні) бірлесе құрайтынын көрсетеді.

 

Қазіргі таңда ФАТФ типі бойынша әлемде 8 аймақтық топ жұмыс жасайды:

 

  • Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және лаңкестікті қаржыландыруды легализациялауға қарсы әрекет ететін Еуразиялық топ (ЕАТ);
  • Қаржыны жылыстатумен күрес жөніндегі Азиат-Тынық мұхиты тобы (АТТ);
  • Қаржыны жылыстатумен күрес жөніндегі Шығыс және Оңтүстік Африка тобы (ЕСААМЛГ);
  • Оңтүстік Америкадағы қаржыны жылыстатумен күрес жөніндегі қаржы шараларын әзірлейтін топ (ГАФИСУД);
  • Таяу Шығыс және Солтүстік Африкадағы қаржыны жылыстатумен күрес жөніндегі қаржы шараларын әзірлейтін топ (МЕНАФАТФ);
  • Қаржыны жылыстату және лаңкестікті қаржыландырумен күрес шараларын бағалайтын Еуропа Кеңесінің сараптама комитеті (МАНИВЭЛ);
  • Қаржыны жылыстатумен күрес жөніндегі қаржы шараларын әзірлейтін Кариб тобы (КФАТФ);
  • Батыс Африкадағы қаржыны жылыстатумен күрес жөніндегі Үкіметаралық топ (ГИЯБА).

 

ФТАҚ функцияларымен ұқсас банктік бақылау оффшорлы тобы (ББОТ) ФАТФ типі бойынша оның құрамына кіреді.

 

Тағы бір аймақтық құрылым – Қаржыны жылыстатумен күрес жөніндегі Орталық Африка тобы (ГАБАК), ол ФТАҚ мақсаты және міндеттерімен ұқсас, – әзірге ФАТФ типі бойынша аймақтық топ ретінде ФАТФ-та мойындалған жоқ.

 

Толығырақ ақпаратты ФАТФ ресми сайтынан ала аласыздар (www.fatf-gafi.org)