Қаржыны жылыстатумен күрестің іс-шараларын әзірлейтін халықаралық қаржы тобы (ФАТФ)

ФАТФ (Financial Action Task Force on Money Laundering (FATF)) – бұл Қаржыны жылыстатумен күрестің іс-шараларын әзірлейтін халықаралық қаржы тобы. Ол 1989 жылы Парижде өткен Үлкен жетілік Саммитте ақшаны жылыстату саласында заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы тәуелсіз ұйым ретінде құрылды. Банк жүйесі мен қаржы мекемелері үшін мұндай қауіптің барлығын мойындай отырып, Үлкен жетіліктің Мемлекет басшылары мен Үкіметтері, сондай-ақ, Еуропалық комиссия президенті  Үлкен жетіліктің мүше мемлекеттерінен, Еуропалық комиссия және 8 өзге елдерден осы топты құрды.

 

Топқа ұлттық немесе халықаралық деңгейде қабылданған ақшаны жылыстатудың әдістері мен үрдісін, іс-қимылын шолуды қарау және ақшаны жылыстатумен күресу үшін тағы да қажетті шараларды мазмұндау жауапкершілігі жүктелген. 1990 жылдың сәуір айында, яғни өзінің құрылғанына бір жыл өткен соң, ФАТФ ақшаны жылыстатумен күресуге қажетті іс-қимылдың барлығын қамтитын «Қырық ұсыным» атты жинақ баяндамасын жариялады.

2001 жылы ФАТФ міндетіне қаржы лаңкестігімен күрес саласының стандарттарын әзірлеу қосылды. 2001 жылдың қазанында лаңкестік іс-әркеттерді қаржыландыру проблемасын шешуде ФАТФ «Сегіз арнайы ұсыным» шығарды. Ақшаны жылыстатудың алдағы даму әдістері ФАТФ-ты 2003 жылдың маусымында ФАТФ стандарттарын кешенді түрде қайта қарауға әкеп тіреді. 2004 жылдың қазанында ФАТФ - 40+9 ұсынымын заңсыз жолмен түскен табыстарды заңдастыруға және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күресті одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретін халықаралық стандарттарға сәйкес «Тоғызыншы арнайы ұсынымын» жариялады.

 

Бұл ұсынымның мазмұнында бастапқы құжат нормасында және бүгінгі күнде «лас» ақшаны жылыстатумен және бүкіл әлемдегі қаржыландыруды лаңкестікке қарсы күрес шараларын анықтайтын шаралар стандарттарды құрайды. Олар үкіметтік органдарда келісімдерді қалыпқа келтіруге мүмкіндік беретін банктік келісім бенефициарларының нақты ұқсастығына есеп жүргізеді, сондай-ақ, күдікті келісім туралы хабарларды құқықтық қорғаудағы ұқсастықтарды анықтайды. Қаржы мекемелерінің үстінен бақылау жүргізуді күшейтуге және келісімдер туралы хабарлар тізімін көбейтуге кеңес береді. Мұндағы негізгі түйін – қаржы жүйесі барынша ашық болуы тиіс.

 

ФАТФ басымдығы заңсыз жолмен түскен табыстарды заңдастыруға және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы ғаламдық күреспен қамтамасыз етіп, сондай-ақ, 40+9 ұсынымын әлем бойынша нақты жүзеге асыру болып табылады. Негізгі міндеттерінің қатарына қаржыны заңсыз заңдастыруды бақылап отыратын ұлттық қызметтердің дайындығын тексеру кіреді. Бірінші кезекте бұл полицияға, банк жүйесіне және экономикалық қылмысқа қарсы күрес қызметіне қатысты. ФАТФ ұсынымын жүзеге асырудың негізгі құралдарының бірі елдердегі заңсыз жолмен келген қаржы ағымын анықтау мақсатында қаржылық ақпараттар жинап және талдау жасауға жауап беретін ұлттық деңгейдегі Қаржылық барлау бөлімшесі (ҚББ).

 

ФАТФ-тың қабылдаған шешімінің негізгі инструменті үш жылда бір рет жиналатын Пленарлық кеңесі, сондай-ақ, ФАТФ-тың жұмыс тобы болып табылады:

 

  • Бағалау және имплементация бойынша;
  • Типология бойынша;
  • Қаржыны жылыстатуға және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекет жасау бойынша;
  • Халықаралық ынтымақтастық шолуы бойынша.

ФАТФ уақытша сипатта және ол оның жұмысына деген қажеттілік болғанға дейін жұмыс жасайтын болады (соңғы рет ФАТФ мандаты 2004 жылы ұзартылды және ол 2012 жылға дейін жарайды).

 

ФАТФ қаржыны жылыстату және лаңкестікті қаржыландырумен күрес жасайтын халықаралық және аймақтық органдармен бірлесе жұмыс жасайды. ФАТФ мүшелігіне 35 ел және 2 ұйым кіреді. 20 ұйым және бір ел ФАТФ жанындағы бақылау мәртебесіне ие екендігін атап өткен жөн. ФАТФ-тың аймақтық органдары ұқсас формада болып келеді және ФАТФ құрамында тұрғандардың функциялары және формалары ұқсас боп келеді, сонымен бірге ФАТФ-тың кейбір қатысушылары да осы органның мүшелері болып табылады.

 

Толығырақ ақпаратты ФАТФ ресми сайтынан ала аласыздар (www.fatf-gafi.org)