Қазақстанның қаржы мониторингі © 2010
1995 жылы маусымда Брюссельде (Бельгия) ФАТФ, Интерпол, Европол, еуразиялық комиссия, Бүкіләлемдік кеден ұйымы және т.б. халықаралық органдардың және 24 елдің өкілдерінің қатысуымен кездесу болып өтті. Онда қаржылық бақылау қызметтерін жүргізетін бейресми ұлттық ведомства құру туралы шешім қабылданды. Бұл ұйым «Эгмонт» қаржы қадағалау бөлімдер тобы деп аталды (бірінші отырыс өткен Эгмонт-Аренберг сарайының атауы бойынша). Сондай-ақ, ФАТФ сияқты «Эгмонт» тобы да бастапқы кезде халықаралық ұйым болмады. Ол келісім негізінде болмады және тұрақты жұмыс істейтін ұйым болмады. Штаб-пәтері және жеке бюджеті де болмады. Бейресми форматы түрінде құру мақсаты кәсіби-іс-тәжірибешілерді біріктіретін қаржыны жылыстату саласындағы халықаралық ынтымақтастық мүддесінде серпінді әрі бюрократтық емес құрылым ету еді.

1997 жылы 24 маусымда Мадридте қабылданған мақсаты туралы Мәлімдемеге сәйкес, «Эгмонт» тобының негізгі міндеті жаңа ҚҚБ құру және олардың арасында ынтымақтасты дамытуға ықпал ету. Топ бұл міндеттерді айтарлықтай сәтті орындауда. «Эгмонт» тобының 2005 жылғы пленарлық отырысында, оның құрылғанына 10 жылдан кейін, оның мүшелерінің саны 100 ҚҚБ-ға артты. Сөйтіп, барлық ҚҚБ – Топтың мүшелері бекітілген критерийлерге сәйкес іріктеу үдерісінен өтіп, ұлттық және халықаралық деңгейде нәтижелі қызмет көрсетуде қажетті өкілеттігі, материалдық және кадр ресурстарын иемденді.
«Эгмонт» тобының мақсаты – осы топтың өзге мүшелерімен жедел ақпарат алмасуды қамтамасыз ету. “Эгмонт” тобына 110-нан астам мемлекеттер мүше. Бастапқыда «Эгмонт» ҚББ тобында басты назар негізінен қаржыны жылыстатуға аударылғанмен, ҚҚБ сонымен қоса, лаңкестікті қаржыландырумен күрес жөніндегі халықаралық күште де маңызды рөл атқарады. Қазіргі кезде ҚҚБ алып отырған ашылған қаржылық ақпараттарға талдау жүргізіп, оны әрі қарай жібереді. Ол лаңкестікті қаржыландыру мәселелерін тексеретін ұлттық ведомствалар үшін бағалы дерек көздер болып отыр. Міндетті халықаралық стандарттарды орындау үшін көптеген елдер өздерінің заңнамаларына ҚҚБ қызмет саласында лаңкестікті қаржыландыру өз алдына бөлек қылмыс ретінде қосуға, сонымен бірге ол қаржыны жылыстату қатынастарының алғашқы қылмысы болып табылады және ҚҚБ жалпы қызмет аясын кеңейтуде түзетулер енгізді немес енгізу үдерісінде.
Толығырақ ақпаратты Эгмонт ресми сайтынан ала аласыздар (www.egmontgroup.org)