Қазақстанның қаржы мониторингі © 2010
ЕАТ – ФАТФ (РГТФ) типі бойынша Еуразиялық аймақтарды: Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстанды біріктіретін аймақтық құрылым болып табылады. Терроризм қаупін төмендету және ашықтылықты қамтамасыз ету, мемлекет аймақтарындағы қаржы жүйесінде сенімділік пен қауіпсіздік, сондай-ақ, мемлекет аймақтарын қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың халықаралық жүйесіне қатыстыруға арналған мәселелерде маңызды рол атқарады.

ЕАТ-ның құрылтай құжаттары (ЕАТ құру туралы декларация, ЕАТ құзырындағы мәселелер) 2004 жылы 6 қазанда елдер қол қойды.
ЕАТ-ның жоғарғы органы ЕАТ мүше мемлекттерінің және бақылаушылардың қатысуымен жылына екі рет өткізілетін Пленарлық мәжіліс болып табылады.
ЕАТ бақылаушысының мәртебесін алған 16 ел, оның ішінде: Армения, Ауғаныстан, Ұлыбритания, Германия, Грузия, Үндістан, Италия, Литва, Молдова, Польша, АҚШ, Түркменстан, Түркия, Украина, Франция және Жапния; сондай-ақ, 14 халықаралық аймақтық ұйымдар.
ЕАТ – ЕАТ мүше әрбір мемлекеттермен техникалық бағдарламаны жүзеге асырудағы бірден бір бағыт болып табылатын бақылаушы топтармен өзара белсенді жұмыс жасап келеді.
Қазақстан да УНОКД, Бүкіләлемдік банк/ХВҚ, ЕҚЫҰ, Қазақстандағы АҚШ елшілігі және өзге де донорлар ұйымдастырған кеңес беретін және оқыту семинарлар қатарына тартылып отыр.
ЕАТ-ны Пленарлық мәжілісте 2 жылға сайланатын топ Төрағасы басқарады. Қазіргі таңда ЕАТ Төрағасы Ресей Федерациясы Президентінің Төрағасы Марков Олег Александрович.
ЕАТ органының жұмыс функциясын ЕАТ Хатшылығы орындайды. Атқарушы хатшысы Игорь Небываев.
ЕАТ шеңберінде келесідей жұмыс топтары құрылып, жұмыс жасайды:
Техникалық көмек көрсету жөніндегі жұмыс тобының тең төрағасы Қаржы монитоингі жөніндегі комитет басқармасының бастығы Арда Игембаев.
ЕАТ мемлекет аймақтарына қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға (ҚКЗ/ТҚ) қарсы күресте ұлттық жүйені құруға және дамытуға көмек көрсетіп, аймақтың экономикалық өсу әлеуетін және аймақтың орнықты дамуына, қылмыстық деңгейді төмендетуге, қаржы секторын басқаруды және барлық қатысушы-елдердің жақсаруына көмек көрсетеді.
ЕАТ-ның негізгі міндеттері:
Бұл міндеттерді жүзеге асыру әр елдегі топтар мен экономикалық өсу әлеуетін және аймақты орнықты дамуында ҚКЗ/ТҚ режимінің нәтижелігін арттыруға бағытталған.
Толығырақ ақпаратты ЕАТ ресми сайтынан ала аласыздар (www.eurasiangroup.org)