Қазақстанның қаржы мониторингі © 2010
Құрметті сайтты пайдаланушылар!

Шын жүректен Қазақстан халықтары тілдерінің күні мерекесімен құттықтаймын!
Бұл мереке тек біздің мемлекетімізде аталып өтіледі. Еліміздегі тіл саясаты мен оның жүзеге асырылуы әрқайсымыздың жалпы адамгершілік мәдениетіміз бен халықтар достығына байланысты.
Тіл – халық игілігі, ол ұлттардың бірігуі мен топтасуына ықпал етеді, тәрбие құралы мен адамдардың қарым-қатынасын байланыстыратын арқау жіп болып табылады. Тілдер күні – еліміздің барлық азаматтарының достығы, ағайындығы мен бірлігінің нышаны. Халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтымақтастық – жаңа Қазақстанды салудың басты тірегі.
Қымбатты қазақстандықтар!
Бұл күні сіздерге зор бақыт, денсаулық, табыс, ырыс-береке, біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасына деген игі істеріңізге сәттілік тілеймін!
Құрметпен,
Мүсірәлі Өтебаев