Қазақстанның қаржы мониторингі © 2010
1 млн. теңгеге1 тең немесе одан асып түсетін сомаға тең қолма-қол нысандағы операциялар:
1) бәс тiгу, ойын мекемелерiндегi құмар ойындар, сондай-ақ лотерея өткiзу нәтижелерi бойынша ұтысты, оның iшiнде электронды нысанда алу;
7 млн. теңгеге тең немесе одан асып түсетін сомаға тең қолма-қол операциялар:
2) қолма-қол шетел валютасын айырбастау пункттерi арқылы сатып алу, сату және айырбастау;
3) бiржолғы операция ретiнде чек немесе вексель бойынша ақша алу, сонымен бiрге қатарынан күнтiзбелiк жетi күн iшiнде жүзеге асырылатын операция;
4) бiржолғы операция ретiнде құны бiр банкнотты құны басқа банкнотқа айырбастау, сонымен бiрге қатарынан күнтiзбелiк жетi күн iшiнде жүзеге асырылатын операция;
5) бiржолғы операция ретiнде ақшаны клиенттiң банктiк есепшотынан алу немесе банктiк есепшотына салу, сонымен бiрге қатарынан күнтiзбелiк жетi күн iшiнде жүзеге асырылатын операция;
8) бiржолғы операция ретiнде үшiншi тұлғаның пайдасына жинақ есепшотын (салымын) ашу және (немесе) мұндай есепшотқа ақшаны енгiзу, сонымен бiрге қатарынан күнтiзбелiк жетi күн iшiнде жүзеге асырылатын операция;
10) мәдени құндылықтарды сатып алу (сату), Қазақстан Республикасына әкелу не Қазақстан Республикасынан әкету;
12) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, банктерi мен Ұлттық почта операторы жүзеге асыратын әкелудi немесе әкетудi қоспағанда, қолма-қол валютаны Қазақстан Республикасына әкелу не Қазақстан Республикасынан әкету;
13) сақтандыру төлемiн жүзеге асыру немесе сақтандыру сыйлықақысын алу;
14) жинақтаушы зейнетақы қорларына ерiктi зейнетақы жарналарын енгiзу, аудару, сондай-ақ ерiктi зейнетақы жарналарының есебiнен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру;
15) қаржы лизингiнiң шарты бойынша мүлiктi алу немесе ұсыну;
16) қызмет көрсету, оның iшiнде мердiгерлiк, тасымалдау, көлiк экспедициясы, сақтау, комиссиялар, мүлiктi сенiмгерлiк басқару жөнiндегi мәмiлелер;
17) қымбат металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды сатып алу-сату және олармен өзге де операцияларды жүргiзу;
45 млн. теңгеге тең немесе одан асып түсетін сомаға тең қолма-қол нысандағы операциялар:
19) бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелер.
1 Немесе шетел валютасындағы эквивалеті
2 млн. теңгеге немесе одан асып түсетін сомаға тең қолма-қол және қолма-қол емес нысандағы операциялар:
6) бiржолғы операция ретiнде оффшорлық аймақта тиiсiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке немесе заңды тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына есептеудi немесе аударуды жүзеге асыруы не көрсетiлген санаттағы тұлғалардың пайдасына клиенттiң ақшаны аударуы, сонымен бiрге қатарынан күнтiзбелiк жетi күн iшiнде жүзеге асырылатын операция;
7) бiржолғы операция ретiнде жасырын иеленушiге арнап ашылған шетелдегi есепшоттарға (салымдарға) ақшаны аудару, жасырын иеленушiге арнап ашылған шетелдегi есепшоттан (салымнан) ақшаның түсуi, сонымен бiрге қатарынан күнтiзбелiк жетi күн iшiнде жүзеге асырылатын операция;
9) өтеусiз негiзде басқа тұлғаның пайдасына клиент жүзеге асыратын төлемдер мен ақша аударымдары;
7 млн. теңгеге тең немесе одан асып түсетін сомаға тең қолма-қол және қолма-қол емес нысандағы операциялар:
11) мемлекеттiк тiркеу сәтiнен бастап үш айдан аз уақыт өткен заңды тұлғалардың жасаған операциялары;
45 млн. теңгеге тең немесе одан асып түсетін сомаға тең қолма-қол және қолма-қол емес нысандағы операциялар:
18) мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жататын жылжымайтын және өзге де мүлiкпен жасалатын мәмiлелер;