Қазақстанның қаржы мониторингі © 2010
Мемлекеттік қызметшілердің басшылыққа алатын сегіз этикалық нормалары
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Нұр Отан" ХДП-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумында Мемлекеттік қызметші келесідей этикалық нормаларды басшылыққа алуы қажет, олар сегіз деді
Мемлекеттік қызметші келесідей этикалық нормаларды басшылыққа алуы қажет, олар сегіз:
1. Ол билікке және өкілеттілікке иелік ете білу, осы ретте адал болу керек.
2. Мемлекеттік қызметте өз игілігіне емес, мемлекет игілігіне қызмет ету керек, мемлекет қаражатын өз қалтасымен шатастырмау керек.
3. Шенеулік «Қалай өмір сүріп жатырсың?» деген сұрақтан жасқанбай өмір сүруі керек, себебі виллалары, оның айналасындағы биік дуалдыры және қымбат шетел көліктері түсірілген суреттердің пайда болуына негіздердің болмауы тиіс.
4. Заңдардың талаптарын толық сақтай отырып, өмір сүрген маңызды.
5. Әрбір деңгейде, әрбір қызметте қандай жағдайларда болмасын халықтың, өз елінің азаматтарының сенімін жоғалтып алмай қызмет ету керек.
6. Казақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, сыпайылықтың үлігісі болу керек, қауым арасында өзін ұстай білуі тиіс.
7. Ұжымды басқармас бұрын өзі бағына білуі тиіс, өз қызметкерлерінен талап ететінді алдымен өзі орындай білуі керек.
8. Мемлекеттік мүддесіне нұқсан келтірілетін немесе жемқорлық әрекет әзірленгенін көрсе, дереу араласу, шара қолдану керек.