Басты бет » Оқиғалар

Оқиғалар

Қаржы мониторингі Комитетінің делегациясы Халықаралық «Ақшаны жылыстатуды алдын алу мен алаяқтық саласындағы ынтымақтастық – мүмкіндіктер мен перспективалар» конференциясына қатысты.

 

Литва мемлекеттік әкімшілендіру институты, Литва банктер ассоциациясы және Литваның коррупцияға қарсы мәселелері жөніндегі білім беру орталығы 2011 жылғы 17-18 қарашада Литва астанасы Вильнюс қаласында өткен Халықаралық «Ақшаны жылыстатуды алдын алу мен алаяқтық саласындағы ынтымақтастық – мүмкіндіктер мен перспективалар» конференциясының ұйымдастырушылары болды. Осы конференцияға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары С.С.Айсагалиеваның жетекшілігімен қатысты.

 

Конференцияның міндеті банк секторындағы ақшаны жылыстату мен алаяқтық, сондай-ақ қаржы қылмыстары мәселелерін шешу саласында тиімді жұмыс істеу мен бірлесіп жұмыс істеу үшін банк секторы мен мемлекеттің экономика секторының жақындасу мәселелері бойынша пікір алмасу болды.

 

Пікір алмасу аясында келесі өзекті мәселелер талқыланды:

  • Клиент пен нақты иені идентификациялау;
  • Банктік операциялардың мониторингі;
  • Қылмыс ақшаны заңдастыру мен терроризмге қарсы іс-қимылдарды қаржыландыру қаражаты;
  • Клиенттердің күдікті операцияларын тоқтатып қою;
  • Алаяқтық пен қаржы қылмыстарын алдын алу саласында мемлекеттік мекемелер мен банктердің ынтымақтастығы.