Қазақстанның қаржы мониторингі © 2010
2010 жылдың 24 шілдесі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Комитет) 2010 жылдың 27 маусымы мен 1 шілдесі аралығында Картахена қаласында (Колумбия) өтетін «Эгмонт» (Эгмонт) Қаржылық барлау бөлімшесі тобының 18-і Пленарлық отырысына қатысады.
Эгмонт әлемнің жетекші Қаржылық барлау бөлімшелерінің (ҚББ) формалдық емес ұйымы болып табылып, бүгінде 116 мүшеден тұрады. Эгмонттың мақсаты – осы топтың басқа мүшелерімен жедел ақпарат алмасуды қамтамасыз ету.
Қазіргі уақытта Ресей Федерациясы мен Украинаның жәрдемдесуімен Комитеттің Эгмонтқа кіруіне дайындық бойынша жұмыс жасалуда. Осы топқа мүшелік пен бұл ұйым шеңберіндегі халықаралық қызмет жұмыс жасау мүмкiндiгiн едәуiр кеңейтедi және Комитет қызметiнiң нәтижелiлiгiн жоғарылатады. 2010 жылдың қаңтарында Комитет осы топқа толыққұқылы мүше ретінде кіруге Эгмонт Секретариатына сұраным берді.