Басты бет » Қызметі » Мақсаты мен міндеттері

Мақсаты мен міндеттері

ҚР «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Заңына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі өкілетті органның міндеттері:

  • заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласындағы бірыңғай мемлекеттiк саясатты іске асыру;
  • заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл, мемлекеттiк органдардың осы қызмет бағытындағы жұмысын үйлестiру;
  • заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласында бiрыңғай ақпараттық жүйенi құру және республикалық дерекқорды жүргiзу;
  • заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласындағы шетел мемлекеттерiнiң құзыреттi органдарымен өзара іс-қимылды және ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
  • заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн білдіру болып табылады.

 

  Заңсыз  жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл мақсатында Комитет:

  • осы Заңға сәйкес қаржы мониторингiне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар туралы ақпаратты жинауды және өңдеудi жүзеге асырады;
  • алынған ақпаратты талдауды белгiленген тәртiппен жүзеге асырады;
  • заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласындағы мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiредi;
  • ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операция заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға байланысты деп жорамалдауға негiздер болған кезде, құқық қорғау органдарына олардың құзыреттерiне сәйкес іс жүргізу шешiмін қабылдауы үшiн ақпарат жібереді;
  • заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын әзiрлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
  • заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласында республикалық дерекқор қалыптастыруды және жүргiзудi ұйымдастырады, сондай-ақ ақпараттық жүйелердiң әдiснамалық бiрыңғайлығын және келiсiмді жұмыс істеуін қамтамасыз етедi;
  • заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласындағы халықаралық ұйымдардың қызметiне белгiленген тәртiппен қатысады және т.б.