Басты бет » Қызметі » Жаңалықтар » Беларусияға іс-сапар

Қазақстанның қаржылық мониторингі Комитет Делегациясы Белоруссия қаржылық барлау қызметін зерттеуде

Қазақстанның қаржы мониторингі жөніндегі комитетінің  делегациясы желтоқсанның 4-і мен 7-сі аралығында Белоруссияда жұмыс сапарымен болды. 

 

Қазақстанның Делегациясы Белоруссия қаржы барлауы қызметінің тәжірибелік аспектілерімен, заңсыз жолмен алынған табысты заңдастыруға және лаңкестік әрекеттерді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдардың ұлттық жүйесінің жұмыс істеу негіздерімен танысуда.

 

Атап айтқанда, Мемлекеттік бақылау комитетінде Беллоруссия қаржы мониторингі департаментінің жетекшілері Қазақстанның қаржылық бақылау өкілдерімен қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыруға және лаңкестік әрекеттерді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдар мәселелері талқыланды. Кездесу барысында департамент директоры Александр Максименко қазақстандық әріптестерін Белоруссия қаржылық барлау қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпараттандырды. Олардың мүшесі 7 мемлекетпен қатар, Беларусь пен Қазақстан болып табылатын Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимылдың еуразиялық тобында ақпарат алмасу мен өзара әрекеттесу мәселелері талқыланды.

 

Таяу күндерде делегацияның заңсңыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және лаңкестік әрекеттерді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша республиканың құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдарының өкілдерімен кездесу қарастырылған.

 

Белоруссияның қаржы мониторинг департаменті 2003 жылы құрылған. Осы уақыттан бастап елдің қаржылық бақылауы белсенді дамуда, оған тек ЕАТ-да ғана емес сондай-ақ Эгмонт (әлем мемлекеттерінің қаржылық бақылауын біріктіретін бейресми ұйым) тобына мүшелік көмек көрсетуде.

 

2008 жылы құрылған Қазақстанның қаржылық бақылауы үшін, белорустық тараптың тәжірибесі сөзсіз қызығушылық туғызуда.