Басты бет » Қызметі » Жаңалықтар » Төрағаның сөз сөйлеуі

Төрағаның сөз сөйлеуі

2010 жылдың 2-шілдесінде Қаржы мониторингі Комитетінің Төрағасы М.С. Өтебаев ЕАТ 12- Пленарлық кездесуінде сөз сөйледі

Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жүйесін құру мен жетілдірудегі прогресс туралы ақпарат

 

Заңнама. Ағымдағы жылдың 9 наурызында негізді және бірге жүретін Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заң (КЖ/ТҚІ) және Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттарды беру ережесі, Мемлекеттік органдарының ақапаратты ұсыну туралы тәртіп, Ішкі бақылау ережесі, Қаржы мониторингi субъектiлерiнің клиентті тиісінше тексеруі үшін қажетті құжаттар тізбесі, Күдікті операцияларды тоқтата тұру тәртібін реттейтін заңнан туындайтын нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілді.

Қазіргі уақытта тікелей әсерлі нормативтік құқықтық акті мәртебесін беру мақсатында Заңға түзетулер енгзу туралы заң жобасы Парламент Мәжілісінде жатыр.

Қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Душанбелік келісім-шартты ратификациялау мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуде. Тиісті Заңның жобасы барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді және жақын уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынылады.

БАТЖ. Барлық екінші дәрежелі банктерде орнатылған қаржы операциялары туралы мәліметтерді жинау бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету қолданысқа енгізілді. Операциялар туралы хабарламаларды жинау мен жеткізу ҚР Ұлттық Банкінің банк аралық есеп айрысу бойынша Қазақстандық орталық (БЕҚО) арналары бойынша жүзеге асырылады.

Жедел талдауға мүмкіндік беретін Бірыңғай Ақпараттық Талдамалы жүйесінің бірінші кезеңі қолданысқа енгізілді.

Осымен қатар ЕАТ Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру шеңберінде видеоконференцбайланыс абоненттік түйінімен Жағдайлық орталықты, мәліметтер қоймаларын, талдамалы ішкі жүйелерін құру бойынша міндеттерді жүзеге асыру алда күтіп тұрған шаруа.

Эгмонт. Эгмонт тобына мүшелік алу үшін тапсырыс жолданды. Қазақстанның ҚББ-і Эгмонттың 18-і пленарлық отырысының аясында маусымның аяғанда өтетін даму жөніндегі жұмыс топтың отырысына шақырылған.

Өткен аптада Украина ҚББ-нің өкілінің инспекциялық сапары өтті, оның барысында Қазақстанның Қаржы мониторингі жедел қызметінің жағдайына баға берілді. Құқықтық мәселелер бойынша Жұмыс топпен әзірленген Сауалнама толтырылып жолданды.

ҚМС және мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас. Тұрақты негізде қаржы мониторингі субъектілерімен белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Комитеттің веб-сайтында «ҚМС көмек» бөлімі бар, онда нұсқаулар мен ұсыныстар енгізіледі, сонымен қатар субъектілердің сұрақтарына жауаптар үнемі өзектелуде.

Құқықтық өрісті түсіндіру, іскерлік қатынастарды орнату және Қазақстанның қаржы мониторингі жүйесін құрудың міндеттерін жүзеге асыру бойынша өзара қарым-қатынасты дұрыстау жөнінде 30-дан астам кездесулер мен тренингтер өткізілді.

Іс-шаралардың бір қатары Бүкіләлемдік Банкпен, Есірткі және қылмыстық бойынша БҰҰ Басқармасымен, ЕКҚҰ, ХВҚ, сонымен қатар АҚШ елшілігі мен Қаржы мониторингі Халықаралық оқу-әдістемелік орталығының жүзінде Ресқаржымониторингімен бірлесіп өткізілді.

Жұртшылық және БАҚ-пен өзара қарым-қатынас. Жылдың басынан телеарна мен баспасөзде 40-тан астам сюжеттер мен басылымдар шықты, онда Қазақстанның қаржы мониторингі жүйесін құқықтық ұйымдастыру мәселелері мен оның даму перспективасы баяндалған, ұлттық заңнаманың жеке нормары және КЖ/ТҚІ саласындағы халықаралық станндарттар түсіндірілген.

Кадрларды дайындау. Комитеттің қызметкерлері біліктіліктерін Қаржы мониторингі Халықаралық оқу-әдістемелік орталығында көтеруде, сонымен қатар едәуір көмекті Бүкіләлемдік Банк, Есірткі және қылмыстық бойынша БҰҰ Басқармасы және АҚШ-тың елшілігі көрсетуде.

Қазіргі кезде АҚШ-тың елшілігімен бірлесіп екі бағыт бойынша: магистратура және ҚББ, құқық қорғау органдарының және қаржы мониторингі субъектілері қызметкерлерінің біліктілігін көтеру, Қазақстанда Н.Ә.Назарбаев атындағы жаңа Университеттің базасында еуразиялық аймақ мемлекеттері үшін қаржылық талдаушыларды дайындау мәселесі қарастырылуда.

Осы мәселе ЕАТ төрағасымен келісілген. Осы бағыт бойынша оқу бағдарламасын бірлесіп дайындау жөнінде ҚМХОӘО келісім жасалды, содан кейін жобаны іске қосу туралы мәселе қарастырылады.