Қазақстанның қаржы мониторингі © 2010
Ресей мен Қазақстан қылмыстық жолмен алынған кірісті жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық стандарттарды қолданудың үздік тәжірибелерімен айналысты
Бүгін Алматы қаласында (Қазақстан Республикасы) Қылмыстық жолмен алынған кірісті жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша Еуразиялық топтың (ЕАТ) қолдауымен «Жеке сектор қызметінің қаржылық қауіпсіздік проблемасы және қылмыстық жолмен алынған кірісті жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық стандарттарды қолданудың үздік тәжірибелері (ҚКЗ/ТҚ)» Ресей мен Қазақстанның кеңестік форумы өтті. Форумға екі елдің 40-тан астам жетекші банктер және өзге қаржылық ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар қадағалау мен реттеуші органдардың сарапшылары қатысты.
Консультациялар КЖ/ТҚІ халықаралық жүйесіне тартылған халықаралық ұйымдар мен жиырмадан астам мемлекеттер өкілдерінің қатысуымен 31 мамыр мен 3 маусым аралығында Қазақстанда өтіп жатқан ЕАТ Пленарлық апта іс-шараларының алғашқыларының бірі болып табылады.
Кеңестік форумды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Мүсірәлі Өтебаев ашты. Ол, ЕАТ Пленарлық отырысының Алматы қаласында өтуі, әсіресе Республиканың ҚКЗ/ТҚ ұлттық жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкес келуіне ЕАТ сарапшыларының өзара баға беруін есепке ала отырып, Қазақстан үшін маңызды оқиға болып табылатынын атап өтті. Бағалаудың қорытындысы бойынша Қазақстандағы «жылыстатуға қарсы» тәртіпті жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірленеді.
Консультацияларға ЕАТ Атқарушы хатшысы Игорь Небываев қатысты, ол ФАТФ әдістемесі мен қылмыстық жолмен алынған кірісті жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында жеке секторлар мекемелері үшін тәуекелдікті бағалау бойынша ЕАТ тәжірибесіне түсінік берді. И.Небываевтың айтуынша, жеке сектордың мемлекеттік органдармен серіктестігі мемлекетте тиімді «жылыстатуға қарсы» жүйенің дамуына маңызды рөл атқарады. Қазақстанда ҚКЗ/ТҚ ұлттық тәртібін орнату жағдайында ЕАТ Атқарушы хатшысы жеке сектор мекемелерінің, бірінші кезекте ФАТФ және ФАТФ типі бойынша аймақтық топтардың халықарлық әдістемесін пайдаланудың өзектілігін атап өтті. Осымен бір уақытта Бағалау және құқықтық мәселелер бойынша ЕАТ жұмыс тобының тең төрағасы, Росфинмониторингтің Заң басқармасының бастығы Павел Ливадный Қазақстанда ҚКЗ/ТҚ туралы өзекті заңның құрылғанын, оны әзірлеуде көпшілігінде ЕАТ, Бүкіләлемдік банк және Халықаралық валюталық қордың сарапшылары көмек көрсеткенін атап өтті.
Екі мемлекеттің қаржы саласы өкілдерінің бірлескен консультациялары ҚКЗ/ТҚ мақсатында жеке сектордың реттеуші органдармен серіктестігі ұлттық жылыстатуға қарсы» жүйесінің тиімділігінің көтерілуіне әсерін тигізетінін көрсетті, сондықтан ұлттық экономикаға және банктік секторға нақты пайда әкеле алады. Консультацияға қатысушылардың пікірінше, аймақтың іскерлік қоғамдастығы қорытындысында ұлттық экономикалардың инвестициялық тартымдылығына, жеке компаниялардың беделінің нығаюына әкелетін, халықаралық стандарттардың орындалуына мүдделі.
«Наурыз айында күшіне енген «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстанның Заңы жеке бизнестің жұмысына кедергі келтірмейді. Ол мемлекеттің экономикасына заңсыз қызметтен түскен кірістің ену сызбасын анықтауға бағытталған. Қазір Қазақстан осы жылы басталатын, ЕАТ сарапшыларымен қылмастық жолмен алынған кірісті жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың өзінің жүйесіне өзара баға беруді жүргізуге белсенді дайындалуда», деді Форумда Мүсірәлі Үмбетов.
Форумға қатысушыларға «Интерфакс» Экономикалық талдау орталығымен жүргізілген «Экономиканың тиімділігіне ақшаны заңдастыру проблемаларының әсері. Қазақстан бизнес-қоғамдастығының көзқарасы» зерттеудің қорытындылары ұсынылды. Қазақстанның жеке секторы өкілдерінің сараптау сауалнамасының деректері бизнес-қауымдастықтың ҚКЗ/ТҚ ұлттық жүйесінің дамуына және осы мақсаттарда реттеушілермен өзара әрекеттесуге мүдделілігін көрсетті. Жеке сектор Қазақстанда ҚКЗ/ТҚ туралы Заңның күшіне енуі ұлттық экономиканың және заңды бизнестің дамуына оң әсерін тигізуге бағытталған халықаралық «жылыстатуға қарсы» жүйеге қосылу жолындағы мемлекеттің маңызды қадамы екендігін ұғынады. Осымен бірге ҚКЗ/ТҚ ұлттық жүйесін жетілдіру мақсатында халықаралық мекемелермен ынтымақтастық сарапшылармен Қазақстан үшін басты бағыт деп танылды. Бұл мағынада ЕАТ алдағы өзара бағалауы Қазақстанның «жылыстатуға қарсы» тәртібінің гармонизациялануына және оның халықаралық стандарттарға сәйкес келуіне маңызды үлес қосады.
Кеңестік форумның қорытындылары бойынша жеке сектордың мекемелері мен ЕАТ мүше мемлекеттердің реттеуші органдарына келесі ұсыныстар берілді:
* * * * *
Кеңестік форумның жазбасын ЕАТ сайтында көруге болады:
Қылмыстық жолмен алынған кірісті жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша Еуразиялық топ (ЕАТ) халықаралық терроризм қауіпін төмендетуге және экономикалық қылмысқа қарсы күрес бойынша бірлескен күштерді жүзеге асыру үшін Еуразиялық кеңістіктің мемлекеттерін біріктіреді. ЕАТ қызметі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл бойынша Еуразиялық орталық ретінде Топтың мүше мелекеттерінің ұлттық экономикасын қамтамасыз етуге, қаржы жүйесінің тазалығының көтерілуіне, олардың көлеңкелік құрамының еншісін азайтуға, сонымен қатар халықаралық аренада мемлекеттердің инвестициялық тартымдылығын жоғарылатуға бағытталған.
Қазіргі уақытта Еуразиялық топқа жеті мемлекет кіреді: Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы. Толық ақпарат ұйымның сайтында қол жетімді.