Қазақстанның қаржы мониторингі © 2010
14-ші жалпы отырыс пен Қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыруға және лаңкестікті қаржыландыруға қырсы іс-қимыл бойынша ЕАТ Жұмыс тобының отырысы өтті
2011 жылдың 14 мен 17 маусымында Мәскеу қаласында 14-ші жалпы отырыс пен қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыруға және лаңкестікті қаржыландыруға қырсы іс-қимыл бойынша ЕАТ Жұмыс тобының (бұдан әрі - ЕАТ) отырысы өтті, оған Қазақстан Республикасынан ҚМК, ҰБ, БП және ҰҚК өкілдері, сондай-ақ ЕАТ мүше және бақылаушы мемлекеттердің өзге өкілдері – ақшаны жылыстату мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс- қимылдың халықаралық жүйесіне тартылған жиырмадан аса елдер мен халықаралық ұйымдар қатысты.
ЕАТ-ның пленарлық апта аясында «ФАТФ стандарттарын жаңарту: Ғаламдық қаржы жүйесінің ашықтық жолында және ұлттық экономикалар қауіпсіздігі» тақырыбына жеке сектормен Кеңестер өткізілді, оған «Қазкоммерцбанк» АҚ мен «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның өкілдері қатысты. Кеңестер ФАТФ-тың 40+9 Ұсынымдарының алдағы өзгерістерін түсіндіруге бағытталған.
Өзара бағалау мен құқықтық мәселелер бойынша Жұмыс тобында (бұдан әрі - БҚЖТ) Қазақстанның өзара бағалауы туралы есептілік қарастырылды.
ЕАТ-ның Қазақстан бойынша ашық қорытынды мәлімдемесінде қаржылық барлау бөлімшесінің қызмет ету бөлімінде Қазақстан Республикасында ФАТФ- тың өзекті талаптарын имплементациялаудың жеткілікті деңгейі аталды. Белгілі институционалды және нормативтік механизмдер қадағалау мен бақылау жүйесі бойынша, сондай-ақ құқық қорғау жүйесінің аясында құрылған. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы үшін стандарттық мониторинг процедурасы белгіленген.
Сонымен қатар, Қазақстанға 2013 жылдың маусымында өзара бағалаудың ұсынымдарын орындау туралы есептілікті ұсыну қажет, сондай- ақ ЕАТ қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыруға және лаңкестікті қаржыландыруға қырсы іс-қимыл жүйесін жетілдіруді жалғастыруға шақырады.
ЕАТ отырысындағы маңызды іс-шараларының бірі Ресей, Қытай, Қырғыстан, Өзбекстан, Белоруссия, Тәжістан мен Түркменстан өкілдерінің ЕАТ туралы Келісімге қол қою болды. Келісім ЕАТ мәртебесін Топ қызметінде мүше елдерінің тең қатысу қағидасында әрекет ететін үкіметаралық ұйым ретінде бекітеді. Таяуда келісімге Үндістан мен Қазақстанның қосылуы жоспарлануда.
Жоғарыда аталғандардан бөлек отырыста ұлттық жүйелер үшін кадрлар даярлау мен қаржылық тергеу жүргізу, ақшаны жылыстатуға және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында заңнаманы жетілдіру бойынша ЕАТ мүше мемлекеттерге ақпараттық және әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған қаржы мониторингі бойынша Халықаралық оқу-әдістемелік орталықтың жобалары таныстырылды, сондай-ақ Пленарлық отырыстың қатысушыларымен 2015 жылға дейінгі кезеңге ЕАТ-ның жұмыс жоспары талқыланып келісілді.