Қазақстанның қаржы мониторингі © 2010
Қаржылық барлау бөлімшесі Ереван қаласында (Армения) 2011 жылдың 11 мен 15 шілдесі аралығында өтіп жатқан Эгмонт тобының 19-Жалпы отырысы барысында Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасының қаржылық барлау қызметінің басшылары Ақшаны жылыстатуға және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
2011 жылдың 13 шілдесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторинг комитеті жүзінде Қазақстан Республикасының толық құқықты мүше ретінде Эгмонт тобының құрамына кіру туралы ресми шешім қабылданды.
Бұл іс-шара Қазақстанның қаржы мониторингінің ұлттық жүйесін халықаралық аренада тану болып табылып, қаржыны жылыстау мен лаңкестікті қаржыландыру саласында шетел мемлекеттерімен ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік беріп, сондай-ақ Қаржы монитонринг комитетіті жұмысының жылдамдығын арттыру мен Эгмонт тобына қатысушы елдерінің қаржылық барлау бөлімшелерімен ақпараттық байланысты күшейтуге мүмкіндік береді.
Қазақстанмен қатар топта мүшелікке Әзірбайжан, Марокко, Мали, Самоа, Соломон араладры және Өзбекстан Республикасы кірді. Қазіргі уақытта Эгмонт тобының құрамында 127 ел бар.
«Эгмонт» тобының мақсаты – қаржыны жылыстау мен лаңкестікті қаржыландырумен күресу және ҚКЗ/ТҚ бойынша ішкі бағдарламаларды жүзеге асыруда көмек көрсету мақсатында бүкіл әлемде ҚББ тиімді өзара әрекеттесетін алаңмен қамтамасыз ету.
«Эгмонт» тобына қаржылық барлау бөлімшесіне толығымен топ белгілерінің критерийлеріне сәйкес келетін елдердің ҚББ кіре алады. Бұл ҚББ әрекетті болып, Ақапарат алмасу қағидасы негізінде барлық серіктестік ҚББ ақпарат алмасудың құқықтық мүмкіндігіне ие болуға тиіс.