Қазақстанның қаржы мониторингі © 2010
2012 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаттары Қаржы және бюджет жөніндегі комитет төрағасы Р.С. Ахметовтың жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетіне барды.
Аралау барысында депутаттар заманауи технологиялық жабдықтардың жұмысымен және сұрау салу бойынша ақпарат ұсынатын, қаржы барлауының шетелдік бөлімшелерінен келіп түсетін хабарламаларды қосқанда, қаржы мониторингі субъектілерінен түсетін ақпараттың үлкен массивін қабылдауда, өңдеуді және сақтауды қамтамасыз етуге қабілетті тиісті бағдарламалармен танысты.
Комитет оның құрылымдық бөлімшелерінің бизнес-процесі мен қаржы мониторингі субъектілерінен қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттарды алуда техникалық шешімінің жалпы сызбасымен таныстырды.
Комитет төрағасы Мүсірәлі Өтебаев қатысушыларға алғыс білдіріп, осындай кездесудің Комитет үшін де, Парламент үшін де маңыздылығын атап өтті.