Басты бет » Қызметі » Мемлекеттік рәміздер » Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

Сөзін жазғандар: Жумекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әнінжазған: Шәмші Қалдаяқов

 

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

 

Қайырмасы:

 

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің - Қазақстаным!

 

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

 

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің - Қазақстаным!