Қазақстанның қаржы мониторингі © 2010
Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы М.С.Өтебаев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 жылғы 2 ақпандағы кеңейтілген алқасында сөз сөйледі.
Құрметті әріптестер!
Өздеріңіз білетіндей, заңсыз жолмен алынған кiрiстердi жылыстатуға және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласындағы заңнама 2010 жылдың 9 наурызында күшіне енді. Осы уақыттан бастап Қаржы мониторингі комитеті толыққанды қызмет атқаруда.
2009 жылдың қорытындылары бойынша Қаржы министрлігінің алқасында Премьер-Министр К.Қ.Мәсімовтың тапсырмасын орындау мақсатында қаржы мониторингі субъектілерімен қарым-қатынас нығайтылды.
Тұрақты негізде Қазақстанның қаржы мониторингін құру міндеттерін жүзеге асыру бойынша кейінгі қарым-қатынасты дұрыстау мен іскерлік байланыс орнату бойынша құқықтық өрісті түсіндіру жөнінде тренингтер өткізілуде. Комитеттің веб-сайтында «Қаржы монииорингі субъектілеріне көмекке» бөлімі құрылды, онда нұсқаулықтар мен ұсынымдар орналастырылған, сондай-ақ субъектілердің сұрақтарына жауаптар өзектелген.
Одан басқа ауқымды шетел банктерінің өкілдері, сондай-ақ Ресей қаржы мониторингінің қатысуымен кеңес форумдары мен дөңгелек үстелдер өткізілген.
Өткен жылдың маусымында Алматы қаласында заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимылдың еуразиялық тобының 12-ші жалпы отырысы өткізілді, оның жұмысына ФАТФ-тың президенті мен ЕАТ-да бақылаушы мәртебесіне ие халықаралық ұйымдар, әлемнің 25-тен аса қаржылық барлау бөлімшелерінің өкілдері қатысты.
Тұрақты негізде Қаржы мониторинг субъектілерін қолдау қызметінің тікелей желісі қызмет етеді.
Қаржы операциялары туралы деректерді жинау бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету мен Бірыңғай ақпараттық талдамалы жүйенің бірінші кезеңі қолданысқа енгізілді.
Ағымдағы жылы біріншіден, Жүйенің екінші кезеңін аяқтау мен деректерді сыртқы сақтауды құру бойынша міндеттерді жүзеге асыру қажет.
Екінші, ақшаны жылыстату мен терроризмді қаржыландыруды алдын алу мен күресу бойынша әрекеттер мен шаралар қабылдауға уәкілетті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арасында ақпараттық желі құру.
Қазақстан, Ресей және Белоруссияны біріктіретін Еуразия тобы елдерінің Бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру аясында бейне конференцбайланыстың абоненттік торабымен жағдайлық орталығы құрылды. Таяуда Қытай қосылады.
Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi жылыстатуға және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл бойынша ведомстоваралық комиссия тұрақты қызмет етеді.
Ведомствоаралық комиссия аясында жұмыс тобы құрылған, ол мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ақшаны нақтыға айналдыру бойынша операциялардың күдіктілік критерийлері әзірленген.
Үшіншіден, көпжақты ынтымақтастықты дамыту жоспарында үстіміздегі жылға негізгі міндет бүгінгі күнге әлемнің 120 қаржылық барлау бөлімшелерін біріктіретін Эгмонт тобының мүшесі мәртебесін алу болып табылады.
Комитет Эгмонт тобының мүшесі мәртебесін алу бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде. Эгмонт жұмыс тобы Комитеттің өтінішін мақұлдап, Қазақстан Республикасы заңнамалық және институциялық қорының халықаралық стандарттарға сәйкес келетіндігі туралы шешім қабылданды, ал Комитет елдің қаржылық барлауының ұлттық бөлімшесі болып танылды. Қазақстан Республикасына мүшелік беру туралы ақырғы шешім Эгмонт тобының ҚББ басшыларының 2011 жылы маусымда өтетін жалпы отырысында қабылданды.
Төртіншіден, заңсыз жолмен алынған кiрiстердi жылыстатуға және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласындағы халықаралық келісім-шарттарға қосылу бойынша шаралар қабылдау қажет.
Қазақстан Республикасы негізгі халықаралық конвенцияларды ратификациялады. Парламент Мәжілісіне қылмыстық кірістер мен терроризмді қаржыландыруды заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл туралы Душанбелік келісім-шартты ратификациялау туралы заң жобасы енгізілді.
Қылмыстық әрекеттерден кірістерді жылыстату, анықтау, алып қою және тәркілеу және терроризмді қаржыландыру туралы Еуропа Кеңесінің Варшава конвенциясына Қазақстан Ресеубликасының қосылуы туралы заң жобасы ішкі мемлекеттік келісу процедураларынан өтуде.
Бесіншіден, екіжақты ынтымақтастықты дамыту. Украинаның уәкілетті органымен Ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойылды.
Ағымдағы жылы Ресей, Молдова, Қытай Біріккен Араб Әмірліктерінің қаржылық барлау бөлімшелерімен Меморандумдарға қол қою жоспарланып, олардың жобалары Қазақстанның мүдделі органдарымен келісіліп, қазіргі уақытта аталған елдерде осындай процедуралардан өтуде.
Алтыншы, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Дүниежүзілік банк арасында біріккен экономикалық зерттеулер жобасының компаненттерін жүзеге асыру.
Бағдарлама аясында Қазақстан Республикасында ақша аударымдарының баламалы жүйелерін зерттеу жүргізілуде.
Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігігімен бірге қаржы мониторингі субъектілерін олардың әрекеттерінің заңсыз жолмен алынған кiрiстердi жылыстатуға және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келуін мемлекеттік органдарымен тексеруді жүзеге асырудың тәртібі мен механизмін реттейтін әдістемені әзірлеу жоспарлануда.
2010 жылдың қазанында ЕАТ-ның Қазақстан қаржы мониторингі жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкес келуіне баға беру миссиясы өтті, оның нәтижелері үстіміздегі жылдың маусымында жарияланады.
Осыған байланысты Комитет пен мемлекеттік оргнадардың келесі міндеті топтың 14-ші жалпы отырысындағы ЕАТ-ның бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының есебін қорғау болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру мақсатында сыбайлас жемқорлықпен күрес және қызметтік этиканы сақтау, Комитет қызметкерлерінің құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің сапалы өсуіне көмек көрсету, мелекеттік қызметкердің оң имиджін құру мәселелері бойынша мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік өкілеттігі мен санатын арттыруға бағытталған нұсқамалық және нормативтік құжаттарды оқып үйрену бойынша тұрақты негізде сабақтар өткізілуде.
2010 жылға Комитет пен оның аумақтық бөлімшесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері орын алған жоқ.
2010 жылға арналған стратегиялық жоспармен қарастырылған іс-шаралар толыққанды орындалды.
Назарларыңызға рахмет!