Қазақстанның қаржы мониторингі © 2010
Айсағалиева София Серікқызы 1968 жылдың 17 қарашасында туылған.
Білімі жоғары – математик, экономика магистрі. Физика-математика ғылымдарының кандидаты.
1990 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді.
1999 жылы Маастрихтсктік менеджмент мектебін аяқтады.
1993-1998гг. – оқытушы, аға оқытушы, Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік басқару академиясының доценті
1998 жылдың қаңтар-тамызы – инвестициялар жөніндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комитетінің менеджері.
1998-1999жж. – Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттіктің құрылыс және инвестиция статистикасы басқармасының бастығы.
1999-2000жж. – Қазақстан Республикасы Экономика министрлігі инвестициялық саясат департаментінің директоры Астана қаласы.
2000-2001жж. – Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінің вице-министрі
2001-2002жж. – Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігі дмпингке қарсы бақылау жөніндегі комитет төрағасы.
2002-2003жж. – Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының орынбасары.
2003-2006жж. – Қазақстанның кәсіпкерлер форумы ассоциациясы» ЗТБ-ның атқарушы директоры.
2007 жылдың мамыр-маусымы Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі.
2007-2009 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары.
2009- 2010жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық қатынастар департаментінің директоры
2010 жылдың қарашасы мен қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторинг жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары.
Марапатталды: Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен (2001 ж.); III дәрежелі «Кеден органдарындағы үздік қызметі үшін» кеуде белгісімен (2009 ж.); «Астананың 10 жылдығы» (2008 ж.); Шаңхай Ынтымақтастық ұйымының 10 жылдығына (2011 ж.); және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.) Мерейтойлық медальдарымен .
Бекетаев Руслан Бақытжанұлы 16 қараша 1975 жылы дүниеге келген.
Білімі жоғары, 1996 жылы Қазақ мемлекеттік Аграрлық университетін бітірген.
Мамандығы экономист-есепші (үздік дипломмен).
2009 жылдың қыркүйегі – 2011 жылдың ақпаны Бристол университеті Ұлыбритания. Квалификациясы: Экономика, қаржы және менеджмент магистрі (үздік дипломмен).
2010 жылдың қаңтары – 2011 жылдың мамыры – Оксфорд университеті, Said атындағы бизнес мектебі, Ұлыбритания. Қаржы стратегиясындағы диплом (үздік дипломмен).
Еңбек жолы:
1996 ж. шілде – 2001 ж. тамыз – жетекші маман, сектор меңгерушісі, бөлім бастығы, Басқарма бастығының орынбасары, Бағалы қағаздар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясының лицензиялау және қадағалау департаменті директор орынбасарының м.а.
2001 ж. тамыз – 2004 ж. қаңтар – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қаржылық бақылау департаментінің инспекциялау басқармасының бастығы.
2004 ж. қаңтар – 2005 ж. мамыр – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау агенттігінің банктерді қадағалау Департаментінің инспекциялау басқармасының бастығы.
2005 ж. маусым – 2010 ж. қараша – қаржы полициясы органдарында қызмет, Қазақстан Республикасы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенті.
2011 ж. мамыр – 2011 ж. шілде – «Қазақ гуманитарлық-заң университеті» АҚ-ның басқарма кеңесшісі.
2011 ж. шілдеден қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторинг комитеті төрағасының орынбасары.
Марапатталды: Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен «Ерен Еңбегі үшін» медалі (2008 ж.), және «Қаржы жүйесінің үздігі» ведомстволық наградасымен (2011 ж.).