Қазақстанның қаржы мониторингі © 2010

Мүсірәлі Смайылұлы Өтебаев – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы
Мүсірәлі Смайылұлы Өтебаев 1950 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген.
Білімі жоғары. Экономика ғылымдарының докторы, профессор.
Есептеу орталығы және экономикалық ақпараттық жүйелерді жобалау жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын тәмамдаған.
Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы Академиясын бітірген соң, докторлық диссертациясын қорғады.
50-ден астам ғылыми еңбектердің, соның ішінде «Қаржы экономикалық жағдай және Қазақстан экономикасы өсімінің факторлары» (1996ж.), «Аймақтың нарық қатынастарына өтудегі қаржы-несиелік аспектілері»(1989ж.), «Қаржы-несие түсіндірме сөздігі»(1991, 1999жж), «Невыдуманные бюджеты»(2001ж.), «Негізгі бюджеттік және салықтық заңнамалар» (2008ж.) секілді маңызды монографиялардың авторы.
1971-1988 жж. – ақпараттық-есептеу қызметі жөніндегі облыстық өндірістік-техникалық бірлестігінің аға операторы, аға инженер, бастықтың орынбасары, бастығы;
1988-1991 жж. – облыстық статистика басқармасы бастығының орынбасары, бастығы.
1991-1992 жж. – Шымкент облыстық атқарушы комитет төрағасының орынбасары.
1992-1993 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі басшысының орынбасары.
1994-1995 жж. – Шетел инвестициялары жөніндегі Ұлттық агенттік төрағасының бірінші орынбасары.
1995-1996 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі.
1996-2002 жж. – Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы.
2002-2008 жж. – Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты және Қаржы және бюджет жөніндегі комитет төрағасы.
2008 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы.
Марапатталды: «Құрмет Белгісі» (1991 ж.), «Парасат» (2003 ж.) ордендерімен, ТМД ПАА құрмет грамотасы (2007 ж.) және 5 медальмен; «Қаржы жүйесінің үздігі» ведомстволық наградасымен (2011 ж.); «Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер» Құрмет атағы (2011 ж.) және «Қазақстан Республикасның тәуелсіздігіне 20 жыл» Мерейтойлық медалімен (2011 ж.).