Қазақстанның қаржы мониторингі © 2010

Құрметті сайтты пайдаланушылар!Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін.
Сіздер сайттың тұрақты пайдаланушысына айналасыздар деп сенемін. Мұнда Қаржы мониторинг комитеті мен оның серіктестері жайында, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы толық әрі өзекті ақпарат алуға барлық мүмкіндіктер жасалып отыр.
Бұл сайттың ашылуын заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау жолындағы ұлттық жүйенің беделін қалыптастыру ісінің бір адым алға басуы деп біліңіз.
Істеріңізге шын жүректен сәттілік тілеймін.
Құрметпен,
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Б. Жәмішев